Корпоративтік қор Zhyly Zhurek
ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ Зағип жандарға арналған нұсқасын қосу
Zhyly Zhurek
Foundation

Beeline Қазақстан корпоративтік қоры
Біз туралы

Beeline Қазақстанның "Zhyly Zhurek Foundation" корпоративтік қоры 2023 жылдың қараша айында құрылды. Біздің әлеуметтік жауапкершілік саясатымыз ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады және негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • Елдегі білім беру жүйесін дамыту

    Білім беру саласын қолдауға, дамытуға және мейлінше көп оқушыларға сапалы білім беруге арналғанжобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру.

  • Төтенше жағдайлар

    Табиғи, техногендiк және әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі туындағанда, төтенше жағдай орын алған аймақтағы халыққа қайырымдылық көмек көрсету.

  • Әртүрлілік және инклюзивтілік (D&I)

    Барлық деңгейде (веб-сайттар мен цифрлық қосымшаларды қоса алғанда) кез-келген тұтынушылардың ерекшеліктерін қанағатттандыра алатын қолжетімді өнімдер мен қызметтерді ұсыну, және Қазақстан қоғамын дамыту мен қолдауға арналған әлеуметтік жобалар.

Біздің жобалар
Zhyly Zhurek көрсеткіштері
  • 2 млрд теңге

    2022 жылы «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына бөлінген қаражат сомасы

  • 1 млрд теңге

    2024 жылы су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген қайырымдылық қаражатының сомасы

  • 160 млн теңге

    2024 жылы су басқан елді мекендердің тұрғындарына тегін көрсетілген қызметтер көлемі

  • 50 үй

    2020 жылы Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге салынды

Жаңалықтар
Если у вас есть запрос или предложение,
напишите на pr@beeline.kz
БАҚ біз туралы
Тең мүмкіндік: Шелек ауылына Beeline заманауи мектеп сыйлады
1 қыркүйек Шелек ауылында жан тебірентер күн болды. Мұнда Әбдуали Қайдаров атындағы қазақ орта мектебі 900 оқушыға есіктерін айқара ашты. Бұл – бүкіл ауыл үшін тарихи сәт, өйткені ауылда соңғы технологиялармен жабдықталған заманауи ғимарат пайда болды.
Үш қабатты ғимарат Zhyly Zhurek корпоративті қоры мен «Beeline Қазақстанның» қаражатына салынып, толық жабдықталды.
Beeline мен Zhyly Zhurek қоры су тасқынынан зардап шеккендерге баспана алуды жалғастыруда
Мобильді оператор мен Zhyly Zhurek қоры су тасқынынан зардап шеккен Орал тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етті. Зардап шеккендердің бірі Игорь Романов Байқоныс ауылынан жаңа үйге ие болды. Облыс әкімдігінің деректеріне сүйенсек, зардап шеккендердің көпшілігі жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанып үлгерген. Тұрғындарға 1 548 нысан берілді, олардың 375-і жаңадан салынған.

су тасқынынан зардап шеккендерге көмек
Үйлері су тасқынынан зардап шеккен көп балалы отбасылар, зейнеткерлер мен жалғыз басты аналарға көмекке келген ірі кәсіпорындармен қатар Beeline да қол ұшын берді. Компания өзінің қайырымдылық қоры арқылы зардап шеккендерге баспана алуға 1 млрд теңге бөлді. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін қала әкімдігі ұсынды.
су тасқынынан зардап шеккендерге көмек
«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) «Жылы жүрек» қоры қайырымдылық қорына 1 млрд теңге аударады. Қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге – Ақтөбе облысының тұрғын үйлерін қалпына келтіруге және сатып алуға, инфрақұрылым мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге, қажетті тауарларды сатып алуға бағытталды.
Арт-сыныптары, телестудиялар және STEM зертханалары: ауылдардағы мектептер қалай өзгеруде
Соңғы жылдары ауыл мектептерінің білім сапасы мен техникалық жабдықталуының қаладан кем түспейтінін көріп жүрміз. Бұған Beeline компаниясы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, "Қазақстан Халқына" қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің "Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасының қосқан үлесі зор.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жаңа үйлері қандай
Мақтаарал ауданындағы ауылдардағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек. Компания 50 үй салды.
Корпоративтік волонтерлік
Бүгінде көптеген ірі компаниялар мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетуді жұмысының қажетті бөлігі деп санайды. Бірақ қазақстандық нарық ойыншылары өздерінің бизнес-стратегияларына қайырымдылық бағдарламаларын қоса жасауы - мүлдем жаңа идея.
Үш үздік цифрлық стартап Beeline Қазақстан грантын алады
Beeline Қазақстан дәстүрлі «Жарқын жақта өмір сүр!» студенттер арасындағы цифрлық жобалардың байқауының қорытындысын жариялады.
Байқау Ұлттық Enactus кубогы аясында төртінші жыл өткізіліп отыр. Ол жастар арасында цифрлық салада кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Анар Жұмағұлова
Informburo.kz Beeline Қазақстанмен бірлесіп, жаһандық өзгерістердің тұтынушылар мен брендтердің әрекеттесуіне тигізген әсері туралы айтып берді.
Beeline ерекше мектепке «Шексіз мүмкіндіктерді» сыйға тартты
Beeline Қазақстан Алматыдағы «Шексіз мүмкіндіктер» қайырымдылық жобасынf тағы бір ұйымды қосты. WUNDER Academy - әлеуметтік бағдарламаның 25-ші қатысушысы атанды. Бұл 0 мен 11 сынып аралығындағы ерекше балалар оқитын Қазақстандағы бірінші инклюзивті мектеп.
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың 90 пайызы жұмыс таба алмайды. Beeline-ның Digithon 2022 қатысушылары не ұсынды
16 қарашада Алматыдағы Smartpoint коворкинг кеңістігінде Digithon 2022 қорытындысы шығарылды. Beeline Қазақстанның корпоративтік хакатоны барысында командалар инновациялық өнімдерін ұсынды. Бұл жолы шараға компанияның барлық өңірдегі қызметкерлері қатысып, 10 команда финалға шықты. Қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған идеялар мен IT шешімдерін ұсынды.
Beeline төтенше жағдай орын алған аймақтардағы қазақстандықтарға қалай көмектесуде
Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен-ақ Beeline су басқан елді мекендерден эвакуацияланған 38 мыңнан астам абонентті жалпы құны 150 млн теңгеден асатын тегін дыбыстық байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Су тасқыны жағдайы күн сайын өзгеріс үстінде. Осы кезде оператор апат аудандарына «цифрлық көмектің» жаңа пакеттерін дайындайды.
Есептер мен құжаттар
Біз құжаттарды жауапкершілікпен қадағалаймыз және қордың барлық есептерін көрсетуге дайынбыз
Қамқоршылық кеңесі
  • Настрадин Евгений
    Beeline Қазақстан бас атқарушы директоры
  • Бабаян Маринэ
    VEON корпоративтік топ директоры
  • Максим Платонов
    VEON ESG-есеп бөлімінің басшысы
  • Мухсинова Елена
    Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар директоры
  • Адилова Гаухар
    Beeline Қазақстан бас қаржы директоры
Ұжым
Өтініш немесе ұсынысыңыз болса,
pr@beeline.kz поштасына жазыңыз
  • Жұмағұлова Анар
    Zhyly zhurek foundation корпоративтік қорының директоры
  • Төлепберген Айгерім
    Қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маман