Қазындылар
Қазындылар немесе Фоссилиялар (лат. fossilis) — жер қабатының шөгінділерінде сақталып қалған ежелгі хайуанаттардың және өсімдіктердің қазып алынған қалдықтары немесе бұрынғы геологиялық кезеңдердегі тіршілік иелерінің қалдырған таңбалары. Геологиялық кезеңнің құрамдас бөлігі - дәуір. Дәуір жер қыртысы дамуының геологиялық кезеңі барысында қалыптасып үлгерген тау жыныстар қабаты. Осы тау жыныстары қабатынан табылған қазындылар бізге жер тарихы туралы көп мағлұмат береді. Қазындылардың өлшемдері шағын іздерден үлкен қаңқаларға дейінгі аралықта әртүрлі болады. Қазба жұмыстары барысында анықталған іздер, Таңбалар - бұрынғы өмір құпиясын ашудың кілті. Мысалы: аяқ іздері , індер және жерасты жолдары. Қазынды қалдықтарды зерттеу ісімен палеонтология шұғылданады. Қазындыларды үлкен бүлігін қаңқалар толықтырады.Қаңқалардың ең үлкендері - Триас, Юра, Бор кезеңдерінен тұратын Мезозой заманында өмір сүрген динозаврлардікі болған. Қазындылардың пішіні бастапқы қалпындай тасқа айналып тасқа айналып сақталғанымен , түсі , тығыздығы және құрылымы өзгерген.
Қазынды қалдықтарды зерттеу ісімен палеонтология шұғылданады[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.