Уикипедия:Тексерілмелдігі — Уикипедия Мазмұнға өту

Уикипедия:Тексерілмелдігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лақап:
УП:ТЕК
УП:ТЕКСЕРУ

Уикипедияға ақпаратты қосу үшін оның «ақиқаттығы» емес «тексерілмелдігі» негіз болып табылады. Яғни, оқырман Уикипедияда берілген ақпараттың беделді дереккөздерінде жарияланғандығынан сенімді болуы қажет. Мақала авторлары күмәндануға себепкер болған немесе болатын дәйек сөз немесе ақпараттың жанына беделді дереккөзін[1] көрсетуге міндетті. Көрсетілмеген жағдайда мәліметтердің жойылу қаупі бар.

ТексерілмелдігіУикипедия:Бейтарап көзқарас, Уикипедия:Өзіндік зерттеулерге жол бермеу сияқты ережелермен бірге Уикипедияның негізгі ережелерінің бірі болып саналады. Осы ережелер арқылы сипаты мен сапасы жағынан Уикипедия үшін тиімді болып саналатын материалдарға талаптар белгіленеді. Мақала авторларына осы үш ережемен танысып, нұсқау ретінде қолдануға ұсынылады.

Дәлелдеу ауыртпалықтары

Дереккөзіне сілтемелерді орналастыру жайлы Дереккөздерге сілтемелер тарауынан қараңыз

Егер мақаладағы мәліметтердің дұрыстығы күмән тудырса, мақалаға жаңадан мәліметтер қосқан немесе ескі мәліметтерді өңдеген қатысушы ақпараттың дереккөзіне сілтемені беруі тиіс. Дұрыстығы күмән тудыратын немесе күмән тудыруы мүмкін әр бір дәйек сөз немесе деректерге беделді дереккөздерін сілтеме ретінде орналастыру керек[2][3]. Оқырман күмән тудыратын мақаланың мәтінін оңай тауып алу мүмкіндігіне ие болатындай дереккөзіне сілтеме нақты берілу қажет.

Мақала тақырыбына қатысты беделді дереккөздерін көрсету мүмкін болмаған жағдайда, осындай тәріздес тақырыптарға мақалалардың Уикипедияда мүлдем болмауы жөн саналады[4].

Беделді дереккөзі көрсетілмеген әр бір пікір жойылуы мүмкін. Алайда пікірді орналастырған қатысушы дереккөздеріне сілтемелерді орналастыруға мүмкіндік бермегені үшін қарсылық білдіруі мүмкін. Дереккөзі берілмеген пікірді талқылау бетіне орналастырып, көпшіліктің көмегімен дереккөзін анықтау мүмкіндігі де қарастырылады. Тағы бір оңтайлы тәсіл ретінде дереккөзі көрсетілмеген пікірдің жанына {{дереккөзі келтірілмеген}} (немесе {{subst:БД}})), мақала тарауына {{тарауда дереккөздері келтірілмеген}}, мақалаға — {{дереккөздері келтірілмеген}} үлгілерін қолдануға болады. Өзіңіздің өңдеулеріңізді «өзгертулерді сипаттау» редакциялау терезесінде түсіндіріп, ал егер күмән тудыратын пікір сіздің ойыңызша шындықпен жанаспайтын болса, талқылау бетінде өз ойыңызды ашық жазып, талқыға салыңыз. Сонымен бірге мақаланы талқылау бетінде белгі немесе мақаланың мәтінінде көрінбейтін HTML-түсініктеме қалдыруға болады.

Мақалада дереккөзі көрсетілмеген ақпаратты жойып жіберу дұрыс болады. Көзі тірі адамдар жайлы дереккөзі анықталмаған ақпаратты беруге мүлдем болмайды. Джимми Уэйлс былай деген:

Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлемін. Кейбір мақала авторлары әр бір кездейсоқ гипотезалық псевдоақпаратты {{дереккөзі келтірілмеген}} үлгісін орналастырып, жариялауды әдетке айналдырған. Бұл дұрыс шешім емес. Осындай ақпараттар аяусыз жойылуға тиіс. Бұл мәселе дереккөздер арқылы расталмайтын әр бір ақпараттарға қатысты, әсіресе көзі тірі адамдар жайлы жағымсыз ақпараттарды жариялау мүлдем болмайтынын естен шығармау қажет.

— Джимми Уэйлс[5]

Абсурдқа дейін жеткізбеңіздер

Дереккөзі көрсетілмеген ақпаратты көрсету Уикипедияның сапасын көтеруге бағытталған қадам екендігі белгілі, бірақ та дереккөздері берілмеген мақалаларға дереккөздері жоқтығын білдіретін үлгілерді көп мөлшерде орнату, жаңадан тіркелген қатысушылардың үлесіне қатысты дөрекі қарым-қатынас, дереккөзі көрсетілмеген мақалаларды шамадан тыс жою, бастама мақалаларына қатаң қарау, бір ғана автордың мақалаларына үлкен ықылас бөлу, күмән тудырмайтын мәліметке байланысты дереккөз көрсетуді талап ету сияқты жағдайлар Уикипедияның нұсқауларын бұзу ретінде қабылданады. қ. Уикипедия:Абсурдқа дейін жеткізбеңдер

Дереккөздер

Беделді дереккөздер

Сенімді дереккөздер мақалада берілген дәлелдерді растай алатындай дәрежеде болу қажет[6]. Беделді дереккөздерін мақаладағы пікірдің дәлелі ретінде, авторлық құқықты бұзбау үшін және плагиат жағдайларын алдын алу мақсатында көрсетілуі міндетті. Дереккөздері мақаладағы ақпаратты растап, келесі ережелерге сай болуы қажет: бұйымның немесе тұлғаның өзі туралы жарияланған дербес немесе күмәнді дереккөздерді пайдалану.

Беделді дереккөздерінде берілген екі жаққа қатысты пікірді жариялап, бүкіл мақалаларға бейтарап көзқарасты ұстану қажет. Сирек кездесетін көзқарастар мен күмән тудыратын теорияларды жариялау қажет емес (мақалалар тікелей осындай ерекше жағдайларға арналған кезді қоспағанда).

Аса сенімді дереккөздер ретінде рецензияланған журналдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми басылымдары, жоғары мектептерге арналған оқу көрнекі құралдары, белгілі баспалардан жарық көретін мерзімді басылымдар мен кітаптар болып саналады. Яғни, заң аспектілерін анализдеу мен аргументтер мен дәлелдерді жете тексеретін басылымдар беделді дереккөздері болып саналады.

Академиялық және рецензияланған басылымдар тарих, медицина, математика сияқты жаратылыс ғылымдары саласына арналған мақалалардың дереккөздері ретінде беру дұрыс шешім болып табылады. Көпшілік мақұлдаған көзқарастарды беретін, белгілі баспалардан жарық көретін беделді академиялық емес дереккөздерінен алынған материалдарды да осы салаларда қолдануға болады. Дереккөздерді қолдану заңдылығы әрқашан белгілі бір жағдайға байланысты болады. Дереккөздер арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда, мақала мәтінінен әр қайсысы қандай мағына беретіндігі айқын түрде түсінікті болуы тиіс.

Дереккөздердің сенімділігі жайлы Уикипедия:Сенімді дереккөздер тарауын қараңыз.

Сенімділігі күмән тудыратын дереккөздер

Сенімділігі күмән тудыратын дереккөздер деп — деректерді тексеру жағынан тиімсіз дереккөздерді атайды. Бұл көпшілік тарапынан экстремистік көзқарастарды білдіретіндігі анықталған веб-сайттар мен басылымдар, жарнама түріндегі насихаттық басылымдар, немесе қауесет пен жеке пікірлерден құралған дереккөздер. Сенімділігі күмән тудыратын дереккөздер тек қана өздері жайлы мақалаларда қолданылуы тиіс.

Жарияланған өзіндік дереккөздерді пайдалану (онлайн және басылым)

Бұйымның немесе тұлғаның өзі туралы жарияланған дербес немесе күмәнді дереккөздерді пайдалану

Мақала авторының өз қаражатына басылған материалдарды және даулы дереккөздерді, сонымен қатар адамдар айтқан, ұйымдар білдірген мәліметтерді төмендегі шарттар атқарылған жағдайда пайдалануға болады.

  • Қолданылып жатқан ақпарат берілген тұлғаның танымалдығымен байланысты;
  • Дау тудырмайтын болуы;
  • Басты мақсаты өзін-өзі мақтау немесе жарнама жасау болмаса;
  • Үшінші жақтың мүдделерін қозғамаған жағдайда
  • Мақала тақырыбына тікелей қатысы жоқ оқиғалар мен деректер жарияланбаса.
  • Ақпарат нақты берілген кезде;
  • Мақала тек қана осы тәріздес дереккөздермен шектелмесе.

Шет тіліндегі дереккөздер

Қазақша Уикипедияның оқырмандарына ыңғайлылық тудыру үшін мүмкіндігінше қазақ тіліндегі дереккөздер келтірген жөн. Қазақ тіліндегі дереккөздерді басқа тілдердегі дереккөздерге қарағанда көбірек пайдалану керек (бірдей сапада және сенімділігіне байланысты). Мысалы, басқа тілде жазылған газеттегі ақпарат қазақ тіліндегі басылымында да болса, қазақ тіліндегі ақпаратты қолданған жөн. Дегенмен басқа тілдегі дереккөздер тексерілген болса, мақалада дереккөз ретінде қолдануға болады. Уикипедия редакторлары мен сарапшылардың жасаған аудармаларында қателіктер болады. Негізінде оқырмандар түпнұсқада не жазылғанын өздері тексеріп, түсіне алуы керек. Мақаладағы ақпараттың сенімді дереккөзіне сүйеніп жазылғанын және сауатты аударылғанына көз жеткізген дұрыс. Осылайша, түпнұсқа ақпарат қазақ тілінен басқа тілде жазылғанда:

  • Егер дереккөзге тікелей сілтеме берілсе, аудармасын редактор жасаған жарияланған аудармалар жарамды болмақ.
  • Егер редактор мақалаға басқа тілдегі дәйексөзді өзі аударып қосса, оқырманның ақпараттың түпнұсқасын тексеріп, аудармамен салыстыра алуы үшін сол тілдегі дәйексөздің түпнұсқасын беруі тиіс.

Қосымша пікірлер сенімді дереккөздерге сүйенуді талап етеді

Тағы қараңыз

Ескертулер және сілтемелер

  1. «Беделді» сөзі осы ережеде «сенімге ие болатын», «сенімді» сөздерінің мағынасын береді.
  2. Дереккөздер мақаладағы барлық пікірге қойылуы шарт емес. Егер өзге қатысушылар тарапынан белгілі бір пікірдің дұрыстығы жайлы сұрақтар туындамайтын жағдайда немесе пікір мақалада негізгі ойды білдірмеген кезде дереккөздерді көрсету қажет емес.
  3. Егер де Уикипедиядағы кейбір деректерді дәлелдеу қажет болған жағдайда, мәтінде дереккөзге сілтеме орналастырылады.Осындай тәсілмен берілген дәлелдерді тексеруге болады. Берілген деректердің жанына тікелей дереккөзін орналастыру да тиімді болып есептеледі. Алайда, мәтіннің арнайы тарауына дереккөзін сілтеме ретінде беру көп жағдайда қолайлы болып табылады. Толығырақ Уикипедия:Дереккөздерге сілтеме тарауынан қараңыз.
  4. Дереккөздер орналастырылуы мүмкін мақалаларда кейбір жағдайларға байланысты дереккөзі қазірге дейін орналастырылмаған кезде мақаланы жоюға болмайды.
  5. Джимми Уэйлс (16.05.2006) ««Дереккөзі анықталмаған немесе жалған ақпараттың болғанынан гөрі ешқандай ақпараттың жарияланбағаны дұрыс болады» (ағыл.), WikiEN-l тарату тізімі мұрағаты, 11.06.2006 жылы түзетулер жүргізілген
  6. Уикипедияда «дереккөз»: еңбек, автор және баспагер мағыналарын тұспалдайды. Бұл жиынтық дереккөздің сенімділігінің (беделдігінің) белгісі.

Қосымша материалдар