Того — Уикипедия Мазмұнға өту

Того

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 8°33′00″ с. е. 1°00′00″ ш. б. / 8.55000° с. е. 1.00000° ш. б. / 8.55000; 1.00000 (G) (O) (Я)
Тоголез Республикасы
République togolaise
Герб
Байрақ Елтаңба
Ұран: «фр. Travail, Liberté, Patrie
(Еңбек, Бостандық, Отан)»
Әнұран: «Salut à toi, pays de nos aïeux»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 27 сәуір 1960 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі француз тілі
Елорда Ломе
Ірі қалалары Ломе, Сокоде, Кара
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Фор Эссозимна Гнассингбе
Коми Селом Классу
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 123-ші орын
56 785 км²
4,2
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

7 965 055 адам (99-шы)
6 337 000 адам
125,9 адам/км² (93-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

12,433 млрд.[1] $ (150-ші)
1,468[1] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

4,797 млрд.[1] $
621[1] $
АДИ (2017) 0,503[2] (төмен) (165-ші)
Валютасы КФА франкы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .tg
ISO коды TG
ХОК коды TOG
Телефон коды +228
Уақыт белдеулері UTC±00:00 және Africa/Lome

Того (фр. Togo), ресми атауы Тоголез Республикасы (фр. République togolaise) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқы 5 млн. 153 мың (2001). Ресми тілі – француз тілі. Сондай-ақ жергілікті эве, мина, кабре, гурма тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 35%-ы христиан, 15%-ы ислам діндерін ұстанады. Этникалық құрамы айтарлықтай күрделі. Елде того, йоруба, чокосси, эве, гурма, кабре, тем, котоколи, сомба, басарилер, сонымен қатар еуропалық, ливандық, сириялық арабтар, т.б. тұрады. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиын. Астанасы – Ломе қаласы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 27 сәуір (1960). Әкімшілік бөлініс жағынан 5 облысқа бөлінеді.

Саяси құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Того 1960 жылдан БҰҰ-ға, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына мүше. Гвинея шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан. Мемлекет басшысы – президент. Ірі қалалары: Дапаон, Кпалиме. Саяси партиялары: Жаңару әрекеттері комитеті, Тоголез халқының бірлестігі, Әділеттік және демократия жолындағы одақ, Демократия жолындағы тоголездік одақ.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Того - аграрлы ел. Мәрмәр, фосфорит, ас тұзын өндіреді. Мұнай өңдейтін, металлургия, цемент, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар бар. Мақта, какао, майлы пальма, кофе өндіреді. Экспорт: мақта, какао, фосфат. Импорт: тоқыма, антибиотиктер, ауыр машина, мұнай, көлік құралдары, мұнай өнімдері, азық түлік. Саудадағы негізгі әріптестері: Гана, Нигерия, Франция, Канада, Испания, Мексика, АҚШ. Ақша бірлігі - африка франкі.

Табиғат жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Того 4 табиғи аймаққа бөлінеді. Оңтүстігінде құнарлы жағалау ойпаты, солтүстігінде құмдауыт моно үстірті, оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай орташа биіктігі 610 м болатын аласа таулар кесіп өтед, қиыр солтүстігінде құмгаг түзілген бұйра үстірттер. Аумағын Того мен Атакора жоталары қиып өтеді.

Климаты субэкваторлық, жағалауында екі жаңбырлық маусым болады. Тогодағы жылдық орташа температура +24 – 27 °С. Солтүстігінде +32°С-ге дейін көтеріледі. Ең биік жері – Бауман шыңы (968 м). Пайдалы қазындылары – фосфорит, боксит, темір, хром кентастары, мәрмәр. Ірі өзендері – Моно және Оти. Климаты экваторлық. Орташа айлық температурасы 20 – 30°С. Жылдық жауын-шашын оңтүстік бөлігінде 700 – 1400 мм, солтүстік бөлігінде 1200 – 1700 мм. Тогоның көпшілік бөлігі биік шөпті саванна, тау беткейлерінде және өзен арналарында, экваторлық өзен жағалауында кокос пальмасы, баобаб өседі. Арыстан, қабылан, буйвол, піл, мүйізтұмсық, қолтырауын, киік, ормандарында маймылдар, құстар және жыландар мекендейді. Жәндіктерден термиттар, цеце шыбыны тараған. Жануарлар дүниесін қорғау мақсатында баққорықтар (Кве, Керан, Фазао, Мальфакаса) ұйымдастырылған.

1472 ж. Того жеріне португалдар келіп, құл саудасымен айналысты. 1884-1885 ЖЖ. Африка мәселелерін қараған халықаралық Берлин конференциясында Тогоның жағалаулары герман қамқорлығына берілді. 1914 ж. британ және француз әскерлері Того аумағын басып алды. 1946 ж. екі аймақ БҰҰ-ның қамқорлығына берілді. 1948 ж. британ және француз Тогосы шекарасын кесіп өтуге салынған тиым алынып тасталды. 1952 ж. Алтын Жағалау әкімшілігі эве халқының мәселесін қарауға арнайы кеңес құрды. 1956 ж. Британдық Того халқы Алтын Жағалау құрамында қалуды ұйғарды, ол біраз уақыттан кейін Тәуелсіз Гана мемлекеті болды. Франция 1956ж. тамызда француз Тогосына Француз Одағының аясында автономиялы республиика мәртебесін берді. 1960ж. сәуірде тәуелсіз Того Республикасы жарияланды. 1963 жылдан ол Тоголез Республиикасы деп атала бастады. 1967 ж. елде әскери төңкеріс болды. 1975 ж. дамыған елдермен сауда қатынастары орнатылды. 1986 ж.төңкеріс жасау пиғылы жүзеге аспай қалды. 1990 ж. үкіметке қарсы наразылық шаралары ұйымддастырылды. 1992 ж. оңтүстік аудандарда ереуілдер жиіледі. 1994 ж. үкіметті құлату шаралары сәтсіз аяқталды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Togo. International Monetary Fund.
  2. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.