Материалтану — Уикипедия Мазмұнға өту

Материалтану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Материалтану — қатты және сұйық күйдегі материалдардың қасиеттерін зерттейтін дисциплинааралық ғылым саласы. Зерттелінетін қасиеттерге заттың құрылымы, электронды, жылулық, химиялық, магниттік, оптикалық қасиеттері жатады. Материалтануды физика мен химияның материалдардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын ортақ саласы ретінде қарастырса болады. Сонымен қатар бұл ғылым саласы материалдық құрылымын зерттеуде түрлі әдістерді қолданады. Өндірісте ғылыми мәліметтерді қажет ететін өнімді шығарған кезде материалдың қасиеттері мен құрылымы жайлы мәліметтер қажет. Осы мәселелерді шешуге көмек беретін ғылым — материалтану.

Материалтану зерттеулерінің бағыттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ғарыштық материалтану — ғарыш кеңістігінде қолдануға болатны материалдарды жасап шығару және зерттеу[1]
  • Нанотехнология — өлшемі шамамен алғанда бірнеше нанометрді құрайтын материалдарды жасап шығару және зерттеу.
  • Кристаллография — кристаллдардың физикасын зерттеу, құрамына келесі салалар кіреді:
    • Кристалл ақаулары — кристалдардың құрылымының бұзылуын, басқа бөлшектерді қосу және олардың кристалдағы негізгі материалдың қасиеттеріне әсерін зерттеу;
    • заттың фазалық күйін зерттеуде қолданылатын рентгенқұрылымдық анализ сияқты дифракциялық технологиялар.
  • Металлургия (металлтану) — түрлі металдардың қасиеттерін зерттеу.
  • Керамика, құрамына келесілер кіреді:
    • электроника үшін материалдарды жасап шығару және зерттеу, мысалы, шалаөткізгіштер;
    • құрылымдық керамика, композитті материалдармен, кернелген заттармен және олардың трансформациларымен айналысады.
  • Биоматериалдар — адам денесіне имплонтант ретінде қолдануға болатын материалдарды зерттеу.

Матриалтану негізделген ғылым салалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://lib.qserty.ru/static/tutorials/51_akishin.pdf Мұрағатталған 17 қазанның 2013 жылы.