Кунг-фу
Кунг-фу - ежелгі шығыс жекпе-жегі. Оның негізі Қытайда қаланды. Қытай жазбаларында оның атын "у-и" деп жазған. Кунг-фудың негізін қалаушы Қытай елінді Дамо деген атпен белгілі үнді монахы Бодхидхарма болатын. Негізінде ол үнді ханзадасы болатын. Бодхидхарма мұрагерліктен және ханзадалықтан бас тартып, қарапайым өмір кешпекші болады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Біздің заманымыздың 520 жылы Бодхидхарма Қытай еліне барады. Сол елдегі Шаолинь монастрінің монахтары оған өте әлсіз, жігерсіз болып көрінді. Бодхидхарма оларға денсаулықты күшейтетін түрлі физикалық жаттығуларды жасауды ұсынады. Осындай жаттығулардың арқасында кунг-фу дүниеге келді. Кунг-фу жергілікті қарақшылардан, бұзақылардан қорғанудың бір тәсілі болды. Бұл спорт Қытайда әлі күнге дейін сақталған. Жекпе-жектің бұл түрі басқа шығыс жекпе-жектерінен шапшаңдығымен ерекшеленеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |