Керік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Giraffe

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Mammalia
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Giraffidae
Тегі: Giraffa
Түрі: G. camelopardalis
Екі-есімді атауы
Giraffa camelopardalis
Linnaeus, 1758
Range map
Range map

Керік (лат. Giraffa camelopardalis) — ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейде дала керігі деп аталады.

Giraffidae — арабша — бәрінен биік.

Керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерінде мекендейді.

Керіктер
Керік

Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500–1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп, 12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3.

Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады. 10-12–ден топтанып, күндіз жайылады.

Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде–тамызда күйекке түседі. Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады. Керіктер тұрған позиясында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 мерт, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді.

Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады.

Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі.[2]

Денесі қысқа, мойны ұзын, (бірақ мойын омыртқасы басқа жануарлардай 7), биіктігі 5,5 м, салмағы 1000 кг. Қан қысымы басқа жануарлардан жоғары 220/160 мм с. б. Қан қысымының өзгерісін басынын жылдам қозғалысымен, үлкен мойын көк тамырының клапандары реттейді. Аяқтары ұзын, (алдыңғылары артқыларынан), мықты, (К. жылдам жүгіре алады), шоқтығы құйымшағынан биік. Еркектері мен ұрғашыларының түкті терімен қапталған 1 немесе 2 мүйзшелері бар. Түсі әртүрлі, жалпы ақ сары көріністе әртүрлі қара дактар орналасқан. Африканың далалық (саванналары) және орманды аймақтарында таралған. 10-12 бастан топ құрып тіршілік етеді. Ағаш жапырақтарымен қоректенеді. Ұрпағын 14-15,5 ай көтереді. Шілде мен тамызда ұйірге түсуі басталады.[3]

Жираф (Gіraffіdae), керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Төменгі миоцен дәуірінен бері тіршілік етеді. Бұлар Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді. Жирафтың 2 туысы (Жираф және окапи), ал олардың бір-бірден түрі бар: 1) кәдімгі Жираф (Gіraffa camelopardalіs) — денесінің ұзындығы 2 м-ден асады, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5 — 6 м-дей. Салмағы 500 — 1000 кг-дай болады. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ мойын омыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, аяқтары сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяғынан ұзын, әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10 — 12-ден (кейде 50 — 60-тан) топтанып жүріп, күндіз жайылады. Негізінен, акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде — тамызда күйекке түседі (буаздық мерзімі — 14 — 15 ай), жалқы төл туады, оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі; қолда көбейе береді; 2) окапи (Okapіa johnstonі) — биіктігі 2 м-дей, Салмағы 250 кг-дай. Мойны онша ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденең сары түсті жолақтары болады. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Жеке жүреді. Жирафтың жаулары жыртқыш аңдар, әсіресе, арыстан. Жирафтың қазба сүйектері Қазақстанда гиппарион фаунасы құрамынан табылған.[4]

Олардың түрлі түр тармақтарындағы тері өрнектері де әр түрлі болады. Кейбіреулерінде ұсақ дақтар болса, кейбіреулерінде орташа-үлкен дақтар болады. Олардың терілерінің өрнектері өмір бойы бірдей болып қала береді. Алайда олардың денсаулық жағдайларына байланысты терісінің түсі өзгеруі мүмкін.

Ұрғашы керіктер 457 күнге созылатын буаздықтан кейін мамыр және тамыз айларының арасында бір ғана төл дүниеге әкеледі. Егіз болып туылу өте сирек кездесетін жағдай. Керік тұрған бойда туатын болғандықтан, оның туылған төлі 2 м биіктіктен түседі. Бірақ туылғаннан кейін 15 минут өткен соң аяғына тұрып кетеді. Әдетте ұрғашы керік баласын шабуыл-даушылардан қорғау үшін күндіз оны жасырып ұстайды.

Түр тармағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Керіктердің тоғыз түр тармағы бар: торлы керік, анголалық керік, кордофан керігі, масайлық, угандалық, нубиялық, оңтүстікафрикалық керік, Торникрофт керігі және батысафрикалық керік.

Керіктердің тілі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Керіктің ұзын, мықты және тұтқыр тілдері болады, сол тілінің көмегімен жапырақтарды жей алады. Керік өзінің тілін 45 см-ге дейін соза алады.

Керіктердің топтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Керіктер – топталып тіршілік ететін жануарлар. Олар 10-20 дара кіретін үлкен табындарда өмір сүреді. Кейбір табындардың құрамына 70 дараға дейін кіруі мүмкін. Ересек еркек керік топты басқарады. Әдетте табын үлкен алқапта жайылып, тіршілік етеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Antelope Specialist Group (1996). Giraffa camelopardalis. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 5 мамыр 2006.
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын — Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  4. «Қазақ Энциклопедиясы»