Жад (айрық)
Көрініс
Жад, кейде жады:
- Жады (ағылш. memory) - эпистемологияда және психологияда: адам тәжірибесі арқылы мида жиналған әсерлер, таным-түсініктер, тәжірибелер, естеліктер, осыған байланысты сақтаулар мен жаңартулар және өшіру-ұмытулар. Бейне қойма секілді сана жадысы арқылы адамның есте сақтауы және еске алуы, сондай-ақ ұмытуы болады[1]
- Компьютер жадысы (ағылш. Computer data storage), информатикада:
- 1) компьютерде ақпаратты сақтау тәсілін анықтайтын жалпы термин;
- 2) компьютердің әр түрлі мәлімет сақтайтын бөлігі; мәліметтерді қабылдау, сақтау жөне беруге арналған компьютер құрылғысы. Ол компьютердің жедел (ішкі) немесе сыртқы (магниттік) жадынан тұрады;
- 3) акпаратты сақтауға және Қолданбалы бағдарламаны жүктеуге арналған аймақ. Компьютер жадысы ақпарат сақтайтын құрылғының бір немесе бірнеше түрі арқылы жүзеге асырылады;
- 4) ағылш. ROM және ағылш. RAM деп аталатын, ақпаратты тұрақты, немесе уақытша сақтайтын орын: Тұрақты жадтау құрылғысы және Жедел жадтау құрылғысы[2]
- Жады (әбзел) - айыр түйенің арқасына мініп жүру, немесе жүк арту үшін салынатын арнайы әбзел.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5