Аветик Саакович Исаакян
ИСААКЯН Аветик Саакович (31. 10. 1875, қазіргі Ленинград,—17. 10. 1957, Ереван) — армян совет ақыны, Арм. ССР ғылым академиясының академигі (1943). 1889—92 ж. діни семинарияда, 1893 ж. Германияға барып, Лейпциг ун-тінде оңыды. Италия, Грецияны аралады. 1895 ж. Отанына орал;ды, патша өкі-метіне қарсы әрекеті үшін 1896 ж. түрмеге жабылды. 1905—07 ж. халың-ты күреске шаңырып, патша өкіметі мен жергілікті сүлтанатқа ңарсы шыңты. Қуғынға үшырап, 1911 ж. шетелге кетті, Франция, Швейцария т. б. елдерде болды. 1936 ж. ғана КСРО-ға оралды. И-ныц түңғыш шы-ғармасы 1892 ж., ал «Жырлар мен жаралар» атты алғашңы жинағы 1897 ж. жарияланды. И-ның алғашңы жазылған өлеңдерінен бастап әділет-сіздер ңатал үстемдік еткен ңйғамның зардабы, адам тағдырлары жайлы ой тербеу, аңынның туған елі мен хал-ңына деген шексіз махаббаты аңғары-лады. Халықты азаттың үшін күрес-ке шаңырған «Азаттың ңоцырауы» (1903), «Қасиетті ыза мен дозаң кегі» (1905) т. б. өлеңдерін жазды. ІІІетелде И. Сов. Одағының жанашыр досы ретінде дашнактарға ңарсы күресті және творчествосын дамыта түсті («Сасма Мгер», 1919). 1936 ж. Сов. Арменияға келген соң, ңоғамдың өмірге ңүлшына араласып, «Біздіц та-рихшыларымыз бен гусандарымыз» (1939), «Отаныма» (1940), «Армян ар-хитектурасы» (1942) атты' өлеңдер циклін жазды. Отан соғысы жылдары И. бүкіл творчествосын Отан қорғау таңырыбына арнап, «¥рыс үраны»(1941), «Жүрегім меніц қияда» (1941), «С. Г. Закиянға мәңгі ескерткіш» (1942), «¥лы жеңіс күні» (1945) т. б. өлеңдерін жазды. И-ға Отан соғысы тақырыбына арнаған шығармалары үшін КСРО Мемл. сыйлығы берілді (1946). Екі рет Ленин орденімен, ме-дальдармен марапатталған. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |